Ссылки доступа

Қазақстанда 300-ден астам оқушысы бар мектептер балаларды сыныпта оқытады


Қазақстан қалалары мен ауылдарда 300-ден астам оқушысы бар мектептер екінші тоқсаннан бастап балаларды сыныпта оқытады.

26 қазанда Нұр-Сұлтандағы мекемеаралық комиссия осындай шешім шығарды. Оқушылар мектепте медициналық маска тағып жүруы тиіс. Сыныптарда парталардың арасы алшақ болады.

Қазақстанда оқушылар өткен оқу жылының төртінші тоқсанын коронавирус пандемиясына байланысты қашықтан оқыды. Биылғы оқу жылының алғашқы тоқсаны да осындай форматта өтіп жатыр. Тек бастауыш сыныптар мен оқушы аз ауылдардағы мектептер ғана сыныпта оқыты. Ата-аналар қашықтан оқытудың қиындығы туралы айтса, шенеуніктер мұндай шешім пандемияға байланысты қабылданғанын мәлімдеді.

Мектептерде оқу жылының алғашқы тоқсаны 4 қарашада аяқталады, екінші тоқсан 16 қарашада басталады.

Астанадағы комиссия отырысында 2 қарашадан бастап театрлардың жұмыс істеуіне рұқсат берді. Бірақ залда көрермен 100-ден аспауы тиіс.

Бұған қоса, мешіттерде намаз оқуға рұқсат берілді. Мұнда да жиналған адам 100-ден аспауы керек. Олар санитария талаптарын сақтауы тиіс.

Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда 110 542 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды.

XS
SM
MD
LG