Ссылки доступа

Қауіпсіздік кеңесінің Экс-хатшысы: Қырғызстанда жаңа биліктің жемқорлықпен, криминалмен күресі шоуға айналды


Қырғызстан қауіпсіздік кеңесінің экс-хатшысы Кенешбек Дуйшебаев 27 қазанда баспасөз конференциясын өткізіп, жаңа биліктің саясатын сынады.

Оның айтуынша, "жаңа билік келгенде тұрақтылық орнайды деген үміт болған, бірақ оның қызмет бөлуден қолы тимей жатыр".

Бұған қоса Дуйшебаев жаңа биліктің жемқорлықпен, криминалмен күресін театрландырылған шоуға балады.

"Райымбек Матраимов туралы көп айтылды, "Азаттыкта" журналистер зерттеуі жарияланды. Мемлекеттік органдар Матраимов кінәлі емес деумен болды. Бірақ оны жақында ұстады, бірақ екі сағаттан соң босата салды. Шығынды төледі деп айтты. Бұған дейін оның үстінен қылмыстық іс қозғалмаса, оның кінәсін қалай дәлелдеді? Шығынды кім санап шықты? Ол кінәлі болмаса, шығынды не себепті төледі? Сұрақ көп", - деді Дуйшебаев.

Президент Сооронбай Жээнбеков 15 қазанда қызметтен кетерден бұрын Кенешбек Дуйшебаевты Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметіне тағайындаған. Жақында оның бұл қызметтен кеткені мәлім болды.

27 қазанда Садыр Жапаров Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметіне Рыскелди Мусаевты тағайындады.

XS
SM
MD
LG