Ссылки доступа

Ресейде Орталық Азия елдерінің еңбек мигранттары жетіспей жатыр (видео)


Ресейде пандемия кезінде жұмыс күші жетіспей жатыр. Әсіресе Мәскеу қаласы Орталық Азия елдерінің еңбек мигранттарына зәру.

В Москве из-за закрытых границ резко вырос спрос на услуги мигрантов
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:53 0:00

Георгий Мәскеуде тігін шеберханасын басқарады. Шекара жабылған уақытта шағын цех жұмыс істейтін адам таппай қалды. Георгийдің айтуынша, Азия елдерінен келгендер жеңіл өнеркәсіпте жұмыс істеуге бейім келеді.

"Біздің компания үнемі маман іздестіреді. Орталық Азия елдерінен де тігінші іздестіреміз. Бірақ пандемия кезінде жұмыс күші тым азайып кетті", – компания басшысы Георгий Третьяков.

Бұның алдында жұмыс күші жетіспейтінін Мәскеу мэрі Сергей Собянин де мәлімдеген. "Мәскеуде еңбек мигранттары қырық пайызға азайды. Бұл жағдай еңбек нарығына әсер етіп жатыр. Қар тазалау секілді қара жұмысты мәскеуліктер істегісі келмейді", - деді қала басшысы.

XS
SM
MD
LG