Ссылки доступа

Фархордағы тәжік ұлттық саябағы қурап қалды (видео)


Национальный парк в Фархоре засыхает
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:54 0:00

Национальный парк в Фархоре засыхает

Тәжікстанда Фархор ауданындағы ұлттық саябақта жүздеген ағаш қурап қалды.

Саябақ басшылығының мәлімдеуінше, аудан билігі назар аудармаса, саябақ жойылып кетуі мүмкін. Су болса, ағаштарды құтқарып қалуға болар еді.

Фархордағы ұлттық саябақ директоры Садбарг Хусайнованың айтуынша, үш жылда аудан басшысы екі мәрте ауысты, олардың ешқайсы саябаққа назар аударғысы келмеді.

Саябақ директоры аудан басшылығына талай рет өтініш жасаған, бірақ су мәселесі шешілмеген.

Оның үстіне, биыл жазда саябаққа жапсарлас жерде өрт шығып, жағдайды одан сайын қиындатқан.

"Мұнда үш жылдан бері су жоқ, ағаштар қурап жатыр. Аудан басшылары назар аударғысы келмеді. Өрт шыққанда, олар мені кінәлады. Сол кезде мен оларға талай мәрте жылап келгенімді, ағаштар қурап жатқанын айтқанымды еске салдым", - деді саябақ басшысы.

Фархор ауданындағы ұлттық саябақ 2010 жылы құрылған. Саябақ 20 гектар жерді алып жатыр.

XS
SM
MD
LG