Ссылки доступа

Францияда президент Макрон мәлімдемесінен соң ондаған сайтқа шабуыл жасалды


Президент Франции Эммануэль Макрон у гроба убитого учителя Самюэля Пати
Президент Франции Эммануэль Макрон у гроба убитого учителя Самюэля Пати

Францияда сейсенбіге қараған түні ондаған сайтқа хакерлік шабуыл жасалды. Бұл туралы "Франс Пресс" агенттігі хабарлады.

Сайттарда ислам мен Мұхаммед пайғамбардың жеңісі, сонымен бірге Францияның күйреуі туралы ұрандар қалған. Бұған қоса, ел президенті Эммануэль Макронды шошқа бейнесінде суреттеген суреттер ілінген.

Бұның алдында президент Макрон пайғамбар карикатурасын оқушыларға көрсеткен мұғалім Самюэль Патидің өліміне қатысты мәлімдеме жасаған. Макрон кісі қолынан қаза тапқан мұғалімді "үнсіз батыр" деп атап, оған жасалған шабуылды "исламшылдар теракті" деп сипаттаған. 23 қазанда өткен қаралы жиында Франция президенті ислам дағдарыс кезеңінде деп мәлімдеп, Француз республикасының зайырлы құндылықтарын радикалды исламнан сақтауға үндеген.

Макронның ислам туралы мәлімдемесін Таяу Шығыстағы бірқатар ел сынады. Түркия президенті Режеп Ердоған президент Макронға "психикасын емдеуге" кеңес берді.

Шешенстан мүфтиі Салах-Қажы Межиев Франция президентін "нөмірі бірінші террорист", "барша мұсылманның жауы" деп атады. Оның мәлімдемесі Шешенстан мұсылмандары діни басқармасының инстаграмында жарияланды.

47 жастағы Самюэль Патиді 16 қазанда өлтіріп кетті. Бұның алдында ол оқушыларға Мұхаммед пайғамдардың Charlie Hebdo журналында жарияланған карикатурасын оқушыларға көрсетіп, олармен сөз бостандығы туралы әңгімелескен.

18 жастағы этникалық шешен Абдулах Анзоров кісі өлтірді деген күдікке ілінді. 2018 жылы оның отбасы Франциядан баспана сұраған. Анзоров твиттерде бас шабылған Пати суретін жариялап, пайғамбарға тіл тигізгені үшін "өлтіргенін" айтқан. Полиция Анзоровты ұстағысы келген, бірақ күдікті оларға тапанша кезеген кезде оны атып өлтірген.

XS
SM
MD
LG