Ссылки доступа

Помпео Пашинян мен Әлиевті соғысты тоқтатуға шақырды


Майк Помпео

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Никол Пашинян мен Илхам Әлиевті соғысты тоқтатып, бітімге келуге шақырды.

АҚШ Мемлекеттік департаменті сейсенбі күні түстен кейін Помпео телефон арқылы Армения мен Әзербайжан лидерлерімен сөйлескенін жеткізді.

Таулы Қарабақ билігі Армения мен Қарабақты байланыстырып тұрған жолдың бойында жайғасқан Лачин қаласы әуе соққысына ұшырағанын хабарлады. BBC егер әзербайжан әскері бұл жолды жауып тастаса, армян күштері үлкен проблемаға тап болатынын жазды.

Әуе соққысынан Лачин қаласында көптеген үйлер қираған.

Қарабақтағы жанжалды тоқтату үшін қазан айында екі рет келіссөз болды. Бірі Мәскеуде өтті. Бірақ келісім жүзеге аспады.

Әзербайжан мен Армения ортасында таласқа түскен Таулы Қарабақ аймағындағы жанжал 27 қыркүйектен бері жалғасып жатыр. Жүздеген адам қайтыс болды, арасында бейбіт тұрғындар көп.

XS
SM
MD
LG