Ссылки доступа

Санкт-Петербургте жалған тіркеу қағазы бар тәжік мигранттарына айыппұл салынды


Архивное фото
Архивное фото

Санкт-Петербург полициясы жиырма шақты тәжік мигрантына 5 000 рубльден айыппұл салды. Мигранттар 25 қазанда полиция рейді кезінде ұсталған. Мигранттар тіркеу қағазы жалған екенін білмеген.

Ұсталған мигранттардың бірінің айтуынша, полиция оның тіркеу қағазында көрсетілген мекен-жайды базадан таппаған.

Жатақханада тұрып жатқан мигранттарға тіркеу қағазын алып беруге басқа бір тәжік азаматы көмектескен. "Біз оны таппай жатырмыз. Ол жасап берген құжаттар дұрыс деп ойладық", - дейді Сухроб.

Тәжікстанның Мәскеудегі елшілігінің мәлімдеуінше, бұл жағдайда мигранттарға көмектесу қиынға түседі, өйткені олар заң бұзған.

Ресейдегі шетел азаматтарының пандемия кезінде федерация аумағында жүріп-тұру тәртібіне сай, 15 желтоқсанға дейін мигранттарды Ресейден депортацияламайды, бірақ тіркеуде жоқ азаматтарға айыппұл салуға тыйым салынбаған.

Ресми мәлімет бойынша, Ресейде бір миллионға жуық тәжік мигранты бар.

XS
SM
MD
LG