Ссылки доступа

Өзбекстанда ірі қант зауыттары жұмысшыларын қысқартып жатыр


Өзбекстанда екі ірі қант зауыты - "Ангрен шакар" мен "Хоразм шакар" жұмысшыларын жаппай қысқарта бастады. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады.

Хабарларға қарағанда, зауыттарда кем дегенде 130 қызметкер қысқарған. Жыл аяғына дейін екі зауытта жұмысшылардың барлығы дерлік қысқарады. Соның салдарынан 2 мыңнан астам адам жұмыссыз қалуы мүмкін.

Екі компания да Бразилиядан әкелінетін қант қамысына тәуелді. Зауыттар өндірісті биыл 4 шілдеде тоқтатқан. Өйткені шикізат жетпеген.

Отандық өндірушілер шетел өніміне бәсекелесе алмаған, өйткені сәуір айында қант импортына кеден салығы мен акциз жойылды. Бірақ жергілікті кәсіпорындар акциз төлеп отыр.

XS
SM
MD
LG