Ссылки доступа

Қырғыз депутаттары Қанатбек Исаевқа сенімсіздік танытып, жаңа спикер сайлағысы келеді


Жогору Кенеш депутаттары спикер Қанатбек Исаевқа сенімсіздік танытқысы келеді. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметіне ""Ата Мекен" фракциясының депутаты Сайдулла Нышанов хабарлады.

Депутаттың айтуынша, оған осындай құжатқа қол қоюды ұсынған.

"Мен мұндай бастаманы қолдамаймын. Тізімді көрмедім, бірақ оған 80-ге жуық адам қол қойыпты. Кім бастап жүргенін білмеймін, оның артында фракция немесе коалиция тұрса, қол жинауды ашық жүргізер еді. Соған қарағанда, оны жекелеген депутаттар шығарған болуы керек. Спикер қызметіне кімді ұсынатынын білеймін, бірақ Талант Мамытовты сайлағысы келеді деп естідім", - деді Нышанов.

Оның айтуынша, бұл мәселе Жогорку Кенеште ертең талқылауын мүмкін.

Исаевтың өзі бұл мәліметті анық білмейді. "Осындай мәліметтерді мен де естідім. Бірақ оған депутаттар қол қойды дегенді естімедім. Мұндай бастама көтеріп жүргендердің пікірін бірге тыңдаймыз", - деді спикер.

Исаевтың айтуынша, спикерге сенімсіздік білдіру үшін қырық депутаттың қолы керек, ал шешім қабылдау үшін кем дегенде 80 депутат дауыс беруі тиіс.

"Қырғызстан" фракциясының жетекшісі Қанатбек Исаев парламент спикері қызметіне 13 қазанда сайланды.

XS
SM
MD
LG