Ссылки доступа

Трамп штабы сайлау қарсаңындағы науқан сайтына хакерлік шабуыл жасалғанын хабарлады


Дональд Трамп

Белгісіз хакерлер АҚШ президентінің сайлау қарсаңындағы науқан сайтына шабуылдады. Бұл туралы Дональд Трамп науқанының өкілі хабарлады.

Хакерлер сайлау қарсаңындағы науқан сайтын басқаруға мүмкіндік алған. "Әлем президент Дональд Трамптың күнде тарататын жалған ақпараттарынан шаршады, Шындықты білетін кез келді", - деп жазды хакерлер.

Штаб мәліметі бойынша, хакерлер із қалдырмаған, өйткені ақпарат серверде сақталмаған.

Кейінірек сайт жұмысы қалпына келтірілді. Тергеу жүріп жатыр.

Соңғы уақыттары АҚШ-та президент сайлау қарсаңында кибершабуылдар жиілегені туралы көп айтылып жүр. Жақында Федералдық тергеу бюросы хакерлердің шабуылына Ресей билігінің қатысы бар деп мәлімдеген. Мәскеу бұл айыптауды бірнеше мәрте жоққа шығарды.

АҚШ президентін сайлау 3 қарашада өтеді.

XS
SM
MD
LG