Ссылки доступа

Алмазбек Атамбаевты колонияға ауыстырды


Алмазбек Атамбаев. 27 июня 2019 г.

Қырғызстанның 11 жылға сотталған бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты №47 түзеу колониясына ауыстырды. Бұған дейін оны ҰҚМК тергеу изоляторынан бірінші тергеу изоляторына жеткізген.

Қылмыс әлемінің дөкейі Батукаевтың түрмеден заңсыз босатылуына байланысты іс бойынша сотталған Атамбаев соттың ашық өтуін талап етіп отыр. Экс-президентке Бішкек ЖЭЦ-ін жөндеудегі жемқорлық пен Қой-Таштағы оқиғаға қатысты істер бойынша айып тағылған.

Атамбаевты тергеу изоляторынынан №47 түзеу колониясына ауыстыру туралы шешімді Мемлекеттік жазаны атқару қызметінің арнайы комиссиясы 27 қазанда қабылдаған.

Адвокат Замир Жоошевтің хабарлауынша, экс-президенттің денсаулығы нашарлаған. "ҰҚМК Алмазбек Атамбаевты үйқамаққа ауыстыру туралы өтінішті орындамады. Оның денсаулығы нашарлап бара жатқан соң, біз Атамбаевты №47 колонияға ауыстыруын сұрауға мәжбүр болдық", - деді адвокат.

Алмазбек Атамбаевтың тергеу абақтысында аштық жариялағанын Азаптауды болдырмау жөніндегі ұлттық орталығы растады. Ұйым жетекшісі Бақыт Рысбековтің айтуынша, Атамбаев тамақтан бас тартқан. "Біз келгенде, ол қан қысымын өзі тексеріп отырды. Өйткені ол мекеме дәрігерлеріне сенбейді. Ол соттың ашық өтуін талап етеді", - деді Рысбеков.

XS
SM
MD
LG