Ссылки доступа

Тәжікстанда көмір қымбаттап жатыр (видео)


Тәжікстанның Өндіріс және жаңа технологиялар министрлігі елде көмір өндірісі артқанын мәлімдеді, бірақ тұрғындар көмір қымбаттап жатыр дейді.

Мекеме мәліметіне қарағанда, биыл 9 айдың ішінде 1,5 миллион тонна көмір қазылған. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 45 мың тоннаға көп.

Бірақ жергілікті тұрғындар отынның қымбаттап жатқанын айтып, шағымданады.

"Былтыр 13 сомони тұрған 25 келі бір қап көмір қазір 21 сомониден сатылып жатыр. Биыл коронавирус пандемиясына байланысты адамдардың көбі көмірді мұндай бағаға сатып алуға ақшасы жоқ", - деді Соғды облысының тұрғыны Шоинбек Шодиев.

Өндіріс министрлігі болса көмірдің қымбаттауына бірнеше фактор әсер еткенін айтады.

"Көмірдің өзіндік бағасы оны өндіруде қажет ететін жанармайдың, қосымша бөлшектердің бағасына байланысты. Олар қымбаттаса, көмірдің бағасы да қымбаттайды", - деді мекеме өкілі.

Тәжікстандағы 21 кенде көмірдің 3 млрд тоннаға жуық қоры бар.

XS
SM
MD
LG