Ссылки доступа

Тәліптер ауғанның Бадахшан провинциясына шабуылдап, Тәжікстан шекарасына жақындап қалды


Операция правительственных сил Афганистана против Талибан в Юмгане. Архивное фото
Операция правительственных сил Афганистана против Талибан в Юмгане. Архивное фото

Ауған үкіметі мен тәліптер қырық жылдан асқан соғысты тоқтату үшін Катарда келіссөз жүргізіп жатса, тәліп содырлары Бадахшан провинциясына шабуылын үдете түсті.

Үкімет күштері мен "Талибан" қозғалысы ауғанның Бадахшан провинциясындағы 22 уезде соғысып жатыр. Атыс Файзабад төңірегінде, сонымен бірге Бахорак, Вардудж, Журм, Кишм, Рогистан, Куфа, Нусай және Моймай Дарваз өңірлерінде жүріп жатыр. Бұл аудандардың бірқатары Тәжікстанның Хатлон облысы мен Таулы Бадахшан автономиялы облысымен шекаралас орналасқан.

Бадахшан полициясының баспасөз хатшысы Саноулла Руханидің Озоди радиосына хабарлауынша, соңғы бірнеше күнде 22 уезде, соның ішінде Бадахшан провинциясының әкімшілік орталығы - Файзабадтың бірқатар ауданында қарулы қақтығыс болды. Полиция мәліметі бойынша, өткен аптада қауіпсіздік күштерінің он шақты қыметкері қаза тапты.

"Талибан әскери базаларға күнде шабуыл жасайды, сол арқылы олар бейбіт келіссөздерде басымдыққа ие болғысы келеді", - деді полиция өкілі. Бұған қоса, ол "Талибан" қозғалысының елуден астам содыры оққа ұшқанын айтты.

Бадахшан провинциясының билігі қозғалысқа шетел содырлары, әсіресе Орталық Азия елдерінен шыққандар көмектесіп жүр дейді.

Бірақ "Талибан" Бадахшандағы жасағының құрамында шетел содырлары бар дегенді жоққа шығарды. "Талибан" қозғалысының баспасөз хатшысы Забихулла Муджахидтің Озоди радиосына хабарлауынша, олардың қатарында шетел күштері жоқ, қозғалыс үкімет күштерімен өзі соғысып жүр.

Қозғалыс күштері өткен жылы жазда да Бадахшан провинциясының бірнеше уезін басып алған. Сол кезде Тәжікстан Таулы Бадахшан автономиялы облысындағы шебін нығайтуға кіріскен.

Тәжікстан мен Ауғанстанның ортақ шекарасы 1400 шақырымнан асады.

XS
SM
MD
LG