Ссылки доступа

Ташкент — Душанбе әуе қатынасы биыл ашылмайтын болды


Өзбекстан мен Тәжікстан Ташкент пен Душанбе арасындағы әуе қатынасы жалғасатын күнді әлі анықтаған жоқ.

Қазанның ортасында тараптар екі ел астанасы арасындағы әуе қатынасын 1 қарашаға дейін ашу жөнінде келіссөздер жүргізген, кейін олар бұл күнді 1 желтоқсанға шегерген. Енді 2021 жылдың 1 қаңтары туралы әңгіме жүріп жатыр. Бұл туралы "Азия-Плюс" хабарлады.

Басылым дереккөзінің айтуынша, екі елдегі күрделі эпидемиологиялық жағдай бұл мәселеде маңызды шешім қабылдауға мүмкіндік бермей отыр.

Бұл уақытта Тәжікстан азаматтық авиация агенттігі Ташкентке ұшуға рұқсат алған, бірақ оның қашан жүзеге асатыны әзірге белгісіз.

Агенттік өкілдерінің хабарлауынша, жақында Өзбекстан мен Тәжікстанның билік өкілдері онлайн-кездесу өткізіп, осы мәселені талқылайды.

Өзбекстан мен Тәжікстан астаналары арасындағы әуе қатынасы биыл 16 наурызда коронавирус пандемиясына байланысты тоқтады.

XS
SM
MD
LG