Ссылки доступа

Қырғызстан Жоғарғы соты ОСК-ның қайта сайлау өткізбеу туралы сот шешіміне түсірген кассациялық шағымын кері қайтарды


29 қазанда Жоғарғы сот Орталық сайлау комиссиясының Бішкек әкімшілік сотының шешіміне түсірген арызын кері қайтарды. Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Арыз комиссияның мемлекеттік құн төленгеніне дәлел келтірмеуіне байланысты кері қайтарылған.

28 қазанда Жоғарғы сотқа Орталық сайлау комиссияның Бішкек әкімшілік сотының шешіміне кассациялық шағымы түсті. Еске салайық, 24 қазанда сот ОСК-ның парламент сайлауын 20 желтоқсанда қайта өткізу туралы шешіміне түсірген арызды қанағаттандырған. Комиссия шешіміне "Азаматтық қоғам және демократия үшін коалициясы", "Актив" саяси партиясы арызданған.

22 қазанда Жогорку Кенеш сайлау туралы заңның бірқатар бабын тоқтату туралы заң жобасын қабылдады. Соған сәйкес, парламент сайлауы конституциялық реформадан соң, бірақ 2021 жылыдң 1 маусымына дейін өтуі тиіс. Заң жобасына сол күні премьер-министр және президент қызметін атқарушы Садыр Жапаров қол қойды. Елдегі бірқатар заңгер мен ұйым бұл заңның Конституцияға қайшы екенін мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG