АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Роберт О'Брайен осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, Вашингтон Қытайды тежеу үшін Үнді-Тынық Мұхиттары аумағында да осындай шешім қабылдауға әзір, деп хабарлады "Америка дауысы".
Бұның алдында Пентагон гипердыбыстық қанатты зымырандар дайындап жатқанын мәлімдеген. Оларды елдің әскери-теңіз күштерінің ұшақтарымен ұшыруға болады. Зымырандар 2028 жылға қарай тасымалдауға дайын болады.
Жақында Ресей президенті Владимир Путин елдің еуропалық бөлігінде 9М729 зымырандарын орнатудан бас тартуы мүмкін екенін айтқан. Мұндай зымырандар АҚШ пен Ресей арасындағы орта және қысқа қашықтыққа арналған зымырандар туралы келісім шарттарына қайшы келеді. Келісім 1987 жылы қабылданған. Тараптар құрлықта орналасқан орта және қысқа қашықтыққа арналған зымырандар кешенін жоюға келіскен. 9М729 зымыраны АҚШ-тың бұл келісімнен 2019 жылы тамызда шығуына себеп болды.