Ссылки доступа

Өзбекстанда қонақ үйде ілулі тұрған француз туын жұлып әкеткен


28 қазанда Наманган қаласындағы Grand Sherdor отелі алдында ілулі тұрған француз туын Макрон мәлімдемесіне қарсылық ретінде әлдекімдер жұлып тастаған.

Наманган белсендісі бұл жайында Facebook парақшасына жазды.

Бірер күн бұрын әлеуметтік желіде Мұхаммад Икрам есімді Наманган тұрғыны Франция президенті Эммануэль Макрон мен оның әйелінің суретін таптап тұрған видеосын жарияланған.

Франция президентінің терроризм және саяси исламға қатысты пікірі Таяу Шығыстағы бірқатар елдердің қарсылығын туғызған.

Намангандағы француз туының жұлынып әкетуін де, өзбекстандық әлеуметтік желі қолданушылары француз президентінің сөздеріне қарсылық деп жазып жатыр.

28 қазанда намангандық тұрғын Facebook парақшасына Ibrat хэштегімен "он бес минөт бұрын біздің бауырларымыздың бірі бірінші болып, француз туын жұлып алды. Наманганда француз туына орын жоқ", деп жазған.

Пост авторының айтуынша, жұлынған француз туының орнына қазақ жалауын іліп қойған.

Намангандағы ең қымбат Grand Sherdor отелінің басқарушы менеджері "тулар ауыстырылды" деп жауап берді. "Қазір онда француз туы ілулі тұр ма?" деген сұраққа жауап бермеді.

23 қазанда Франция президенті Эммануэль Макрон мұғалімді аза тұту рәсімінде ислам дағдарыс жағдайында тұрғанын айтып, Францияны өркениет құндылықтарын радикалды исламнан қорғауға шақырды. "Біз карикатура мен суреттерден бас тартпаймыз" деді Макрон.

Ислам әлемі Франция президентінің мәлімдемесіне қызу реакция білдірді. Бангладеш, Индонезия, Пәкістан мен тағы бірнеше елде жаппай демонстрациялар өтіп, жиналғандар Францияның туы мен Макронның портреттерін өртеді.

XS
SM
MD
LG