Ссылки доступа

Жұма күні Ресейден Тәжікстанға алты бірдей чартерлік рейс ұшады


30 қазанда Ресей қалаларынан Тәжікстанға алты бірдей чартерлік рейс ұшады.

Ресми кестеге сәйкес, үш ұшақ Мәскеуден, қалғандары Санкт-Петербург, Екатеринбург және Уфадан шығады.

31 қазанда Мәскеуден үш, Красноярсктен бір чартерлік рейс ұшады.

Әзірге екі ел арасында әуе қатынасы қашан қалпына келетіні белгісіз.

Тәжікстан Ресеймен әуе қатынасын қалпына келтіруге дайын екенін айтып, шілдеде Мәскеуге хат жолдаған.

Екі ел арасындағы әуе қатынасы наурыз айында коронавирус пандемиясына байланысты тоқтап қалған. Тәжікстан билігі хабарлағандай, сәуірден қазанға дейін арнайы чартерлік рейспен 70 мыңға жуық тәжік азаматы еліне ұшып келген.

XS
SM
MD
LG