Ссылки доступа

Минск Латвия, Литва, Польша және Украинамен шекарасын жапты


Минск ескертусіз Литва, Латвия, Польша және Украинамен шекарасын жапты.

Беларусь мемлекеттік шекара комитеті шекараларын жабуын коронавирус инфекциясының жаңа түрінің кең тарауымен түсіндірді. Бір күн бұрын ел президенті Александр Лукашенко егер аталған елдерден агрессия туындайтын болса, армиясы жауап беруге дайын екенін жеткізген.

Азаттықтың беларусь қызметі шекараларда кептеліс пайда болғанын жазды. Көбі үйіне қайта алмай жатқанын айтып шағымданған. Қазір шекаралардан тек дипломатиялық және жүк көліктерін ғана өткізіп жатыр. Бірақ Минск әуежайы кәдімгі режимде жұмыс істеп жатыр.

Бейсенбіде Александр Лукашенко АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпеомен сөйлесіп, оған егер Польша, Литва, мүмкін Украина тараптан қарсылық болса, жауап беретінін ескерткенін айтқан. Сол күні ол шекараларды күшейтуді тапсырған.

XS
SM
MD
LG