Ссылки доступа

Өзбек ғалымы Андрей Кубатин коронавирустан қайтыс болды


Андрей Кубатин

Ташкентте танымал өзбек ғалымы Андрей Кубатин коронавирустан қайтыс болды. "Тыңшылық" бабы бойынша сотталған ғалым шамамен бір жыл бұрын ақталып, қамаудан шыққан еді.

Өзбекстан ғылым академиясына сүйенген өзбек ақпарат құралдарының жазуынша, 36 жастағы Кубатин 29 қазанда Ташкент ауруханасында қайтыс болған.

Заңгер, құқық қорғаушы Стив Свердлов Азат Еуропа/Азаттық радиосы тілшісіне Кубатиннің туыстары ғалымның өлімін растады деп хабарлаған.

Танымал түрколог-ғалым, Орталық Азия елдері тарихының білгірі, көне ұйғыр жазбасын танитын Кубатин 2017 жылы Өзбекстанға баратын туристерге арналған нұсқаулық шығаруды жоспарлаған түрік компаниясына қолжазба көшірмелерін берді деп айыпталып, 11 жылға бас бостандығынан айырылған.

2018 жылы Кубатиннің түрме жазасы бес жылға дейін қысқарды. 2019 жылы қыркүйек айында Ташкент соты оны ақтап, қамаудан босатты. Осыған дейін бірнеше елдің ғалымдары Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевқа ашық хат жазып, Кубатинді босатуға шақырған.

Соңғы ақпарат бойынша, Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар 66 313 адамға жеткен, індет басталғалы бері 560 адам қайтыс болған.

XS
SM
MD
LG