Ссылки доступа

Бішкекте энергетиктер митинг өткізді


Қырғызстан астанасында "Свереэлектро" компаниясының қызметкерлері 30 қазанда жұмысқа шықпады. Олар Үкімет үйі мен Ұлттық энергия холдингі ғимараттары алдында митинг өткізді.

Жұмысшылар компания басшылығының ауысқанына наразы екенін айтып, ауыс-түйісті саяси ойынға балады.

Наразы топпен кездесуге үкімет аппаратының өкілі Марат Чолпонкулов шықты. Шенеунік бұл мәселені қарайтын арнайы комиссия құрылатынын айтты. Бұған қоса ол компания жұмысшылары арасынан бір адамды уақытша басшы деп тағайындауды ұсынды.

Дегенмен жұмысшылар бұрынғы директорды қайтаруды талап етіп отыр.

27 қазанда "Северэлектро" бас директоры Досқұл Бекмұрзаевтың орнына Ұлан Астарқұлов тағайындалды. Жұмысшылар бұрынғы басшы өз еркімен кетті дегенге сенбейді.

XS
SM
MD
LG