Ссылки доступа

Өзбекстанда Green Card-қа байланысты алаяқтық әрекеттер көбейген


АҚШ Мемлекеттік департаменті 2022 жылға Green Card лотереясына тіркелу басталғанын жариялағаннан кейін Өзбекстанда анкета толтыру қызметін ұсынғандар күрт көбейген.

Олардың бірқатары әлеуметтік желілер арқылы лотереяға қатысуға шақырса, енді бірі туристік агенттікте істейтінін айтып, азаматтарға Green Card анкетасын толтыру қызметін ұсынып жатыр.

"Олар [делдалдар - ред.] ондаған адамның жеке мәліметін жинап, жібереді. Ішінде біреуі ұтуы мүмкін. Сосын ұтқан адамға лотереяны 5-10 мың долларға сатады. Осылай ақша жасайды", - дейді жергілікті тұрғынның бірі Green Card қызметін ұсынушылар жайында.

АҚШ Мемлекеттік департамент өкілдері Green Card лотереясына өтініш беру тегін екенін, тіптен ағылшын тілін нашар білетіндердің өзі бөтен адамның көмегінсіз толтыра алатынын ескертіп жатыр.

Биыл лотереяға өтініш беру 7 қазанда басталып, 10 қарашада аяқталады.

Жыл сайын әлем бойынша Green Card лотереясына 10 миллион адам қатысады. АҚШ мемлекеттік департаменті мәліметіне қарағанда, 2018 жылы лотереяға 2,1 млн-нан астам өзбекстандық өтініш беріп, олардың 5 319-ы ұтып алған.

1990 жылы басталған Green Card бағдарламасы аясында жыл сайын 50 мыңға жуық мигрант АҚШ-та тұрақты тұруға мүмкіндік алады.

XS
SM
MD
LG