Ссылки доступа

Тәжікстанда "коронавирустан қорғайтын" бейджиктер сатуға тыйым салынды (видео)


Тәжікстанның Соғды облысының билігі саудагерлерден "коронавирустан қорғайды" делінген "Virus shut out" деген жазуы бар бейджиктерді сатуды тоқтатуды талап етті.

Пластик бейджиктер облыстың әкімшілік орталығы Худжанд қаласының дәріханаларында қазанның ортасында пайда болып, қазір тұрғындар арасында танымал бола бастады.

Соғды облыстық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Султон Рахмонзода бейджиктердің бір бөлігі сатудан алынғанын жеткізді.

"Қазірге дейін Худжанд қаласындағы дәріханалардан 200-300 "антикоронавирус" тауарды сатудан алдық", - деді ол.

Рахмонзода ішінде хлор салынған, бір жарым метр қашықтықта вирусты өлтіреді деп айтылып жатқан бейджиктер зертханаға сараптамаға жіберілгенін жеткізді.

Жапон тілінде жазылған бұл бейджиктердің Худжанд қаласына қалай жеткізілгені белгісіз.

Ресми мәлімет бойынша, Тәжікстанда коронавирус 11 054 адамнан анықталды. Олардың 10 283-ы айығып, 82 науқас қаза болды.

XS
SM
MD
LG