Ссылки доступа

Өзбекстанда күніне 10 мың қадам жасағандарға ақша төлейді


Президент Шавкат Мирзияевтің жаңа жарлығына сәйкес, күніне 10 мың қадам жасағандарға 3 мың сумнан (0.3 доллар) төлейді.

Өзбек үкіметінің жаңа жоспары бойынша, 18 жасқа толған азаматтар бір тәулікте 10 мыңнан астам қадам жасаса, олардың электронды әмиянына 3 мың сум түседі. Бір айда республика бойынша ең көп қозғалған адам 1 млн сум (шамамен 100 доллар) алады.

«Салауатты өмір салты» платформасы 2021 жылдың 1 наурызына дейін дайын болады. Хабарларға қарағанда, ақша мемлекет бюджетінен бөлінеді.

Әзірге бұл акцияның ережесі, қадамдарды есептеу әдісі белгісіз.

Жаңа жоба әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Желі қолданушылары бюджеттен бөлінген қаражат заңсыз ұсатылып кете ма деп алаңдайды.

XS
SM
MD
LG