Ссылки доступа

Ферғанада аудан басшысы перзентхананың пара алған дәрігерлерін жұмыстан шығаруды талап етті


Өзбекстанның Ферғана облысы Фуркат ауданының басшысы Дилмуроджон Солиев жергілікті перзентхананың жемқорлыққа қатысы бар дәрігерлерін жұмыстан шығаруды талап етті.

Бұның алдында әлеуметтік желілерде перзетхана дәрігерлерінің ақшаға таласқаны бейнеленген видео тараған еді. Онда жаңа туған нәрестенің туыстары берген сүйіншіні дәрігерлер бөлісе алмай қалған. «Маған 20 мың сум ғана берді, қалғандары 100-150 мың сумнан алды», - деп ренжіген дәрігерлердің бірі.

Ертесіне аудан басшысы дауға қалған перзентханаға барып, параға таласқан дәрігерлерді жұмыстан шығаруды талап етті.

«Сүйіншіні бөлісе алмаған ұятсыздар. Барлығын көшеге шығарыңдар, жауап берсін. Олардың жұрттың бәріне жексұрын болды», - деп айқайлаған аудан әкімі.

Үш жыл бұрын президент Шавкат Мирзияев перзентханаларды республикадағы ең жемқор мекеме деп атаған.

XS
SM
MD
LG