Ссылки доступа

Ресейдің Жоғарғы мүфтиі Мұхаммед пайғамбар карикатурасын «түкке тұрғысыз» деп атады


Верховный муфтий России Талгат Таджуддин

Ресейдің Жоғарғы мүфтиі Талғат Таджуддин Мұхаммед пайғамбар карикатурасын «түкке тұрғысыз» деп атап, сол үшін соғысуға болмайды деп мәлімдеді. Мүфтидің айтқандарын РБК жариялады.

«Түкке тұрғысыз нәрсеге бола соғыс жариялауға болмайды. Құдай да, оның үмбеттері де бұны қаламайды», - деп мәлімдеді муфти.

Бұған қоса, ол Шешенстан мүфтиінің айтқандарының оның жеке пікірі деп санайды. Бұның алдында шешен мүфтиі Франция президенті Эммануэль Макрон мен француздарды барша мұсылманның жауы деп мәлімдеген.

Биыл 16 қазанда Парижде шешен ұлтының өкілі француз мұғалімін жауыздықпен өлтірген. Мұғалім Charlie Hebdo журналының Мұхаммед пайғамбарға салған карикатурасын сөз бостандығы туралы сабақта оқушыларға мысал ретінде көрсеткен. Франция президенті Макрон мұндай карикатураларға тыйым салуға қарсы шықты.

XS
SM
MD
LG