Ссылки доступа

Эдвард Сноуден Ресей азаматтығын алады


Эдвард Сноуден
Эдвард Сноуден

АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуден Ресей Федерациясы азаматтығын алуға өтініш берді. Бұл туралы ол твиттерде хабарлады

«Ата-анамызды бірнеше жыл бойы көрмеген соң, әйелім екеуміз баламыздан айрылғымыз келмейді. Сол себепті де біз ресей-америка қос азаматтығын алуға өтініш бердік», - деп жазды Сноуден твиттерде.

2013 жылы Сноуден Ресейді паналауға мәжбүр болды. Бұның алдында ол АҚШ арнайы қызметінің құпия мәліметтерін жариялаған. Онда Ұлттық қауіпсіздік агенттігі әлемнің түрлі елдерінде 35 жоғары лауазымды тұлғаның телефон әңгімелерін тыңдады делінеді.

Пентагон мәліметіне қарағанда, Сноуден шамамен екі миллионға жуық құпия файлды ұрлап кеткен.

АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама Сноуденге рақымшылық жасаудан бас тартты. Президент Дональд Трамп болса оны «сатқын» деп атаған.

XS
SM
MD
LG