Ссылки доступа

Тәжік мигранттары тағы да Мәскеу әуежайында қалып қойды


Тәжікстанның 200-ден астам азаматы Ресей астанасының Домодедово әуежайында отыр. «Росавиация» тәжіктің «Сомон Эйр» компаниясының екі чартерлік рейсіне рұқсат бермеді. Ұшақтар 1 қарашаға қараған түні Мәскеуден Душанбеге ұшуы керек еді.

«Рейс ұшпай қалады деп ойламадық. Әуе билеттерін әрең тапқан едік», - дейді Зоиршо есімді жолаушы. Әуежай қызметкерлері оларға ұшақ бірнеше күн ұшпайтынын ескерткен. Дегенмен тәжік мигранттары әуежайдан кетпей отыр.

Тәжікстан көлік министрлігіндегі дереккөздің айтуынша, Мәскеу мен Душанбе чартерлік рейстерге қатысты келіссөздер жүргізген, дегенмен Ресей тарапы рұқсат бермеген. Мәскеу чартерлік рейстердің жартысын ресейлік әуе компаниялары атқарғанын қалайды, мұндай ұсыныс тәжік компаниларына тиімсіз.

Тәжікстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасы қашан ашылатыны әзірге белгісіз.

Тәжік билігінің мәліметі бойынша, был сәуір-қазан айларында Тәжікстанның 70 мыңға жуық азаматы чартерлік рейстермен елге оралды.

XS
SM
MD
LG