Мемлекеттік еңбек инспекциясының ресми мәліметі бойынша, "Ангрен Шакар" және "Хорезм Шакар" зауыттарының жұмысшылары компания ұсынысы бойынша жұмыстан шығарылмаған. Бірақ зауыттардың жұмысы коронавирус пандемиясына байланысты уақытша тоқтатылған.
"Хорезм Шакар" зауытында 1081 адам еңбек келісімі бойынша жұмыс істейді екен. Қазір зауыт қайта іске қосылғанша 418 адам жөндеу жұмысымен айналысып жатыр екен. Тек өзі еркімен арыз жазғандар ғана жұмыстан шығарылды дейді.
Ал "Ангрен Шакар" зауытында 550 адам жұмыс істейді. Маусым және қазан айы аралығында 170 адаммен еңбек келісімін үзген. Мекеме мәліметінше, бұл жұмысшылардың өздерінің еркі болған.
27 қазанда УзА ақпарат агенттігі "Ангрен Шакар" мен "Хорезм Шакар" зауыттары жұмысшыларын жаппай жұмыстан шығарып жатыр деген ақпарат таратты. "2000-ға жуық адам жұмыссыз қалуы мүмкін" деп хабарлаған УзА.