Ссылки доступа

Өзіне қол жұмсаған Душанбе қызметкері алаяқтық жасады деген күдікке ілінді


Шерафган Хожакулов.
Шерафган Хожакулов.

Тәжікстанның көлік прокуратурасы Душанбе халықаралық әуежайының қауіпсіздік қызметінде істеген Шерафган Хожакуловтың өзіне қол жұмсауын тексеру кезінде алаяқтық фактілерді анықтаған.

Бұған қатысты "алаяқтық" бабы бойынша Душанбенің үш тұрғынына қылмыстық іс қозғалған. Олардың арасында өзіне қол салған Шерафган Хожакулов та бар деп хабарлайды дереккөз. Бір күдікті, әуежайдың қызметкері ұсталған.

"Тергеу барысында Шерафган және оның екі әріптесі ондаған азаматтардан Ресей ұшағына билет алып береміз деп алдап ақша алғаны анықталды. Қазір тергеушілер алданған тұрғындармен кездесіп жатыр", - деді дереккөз.

Ал марқұм Шерафганның ағасы Умед Ходжакулов інісінің алаяқтық әрекетке ешқандай қатысы болмағанын айтады. "Мен алданған жолаушылардың бәрін танимын. Олардың бірі де Шерафганға айып тағып отырған жоқ",- деді ол.

26 қазанда әуежай қызметкері Хожакулов өзіне оқ атып өмірімен қоштасты. Оның туыстары бірнеше айдан бері айлық ала алмай келді дейді. Ол жалдап тұрған пәтердің иесі үйінен қуып шықты дейді. Ол өлерінің алдында туыстарына "менің денемді әуежайдан алып кетіңдер" деп хабарлама жіберіпті.

XS
SM
MD
LG