Ссылки доступа

Ташкентте шағын және орта кәсіпкерлерді табиғи газдан ажыратты


Иллюстративное фото.

Өзбекстан астанасы Сергелі ауданы әкімшілігі өкілінің хабарлауынша, шағын және орта кәсіпкерлерге газ беру тоқтатылды. Мұндай шара әлеуметтік нысандарға көгілдір отын жеткізу мақсатында қабылданған.

Ташкент қаласының 43 жастағы кәсіпкері Рустамжон Назаровтың айтуынша, оның иелігіндегі шағын цех 1 қарашада газдан ажыратылған. «Жоғарыдан осындай бұйрық түскен дейді. Пандемия кезінде онсыз да қиналып отыр едік, енді одан сайын ауыр тиетін болды», - дейді кәсіпкер. Енді ол кәсібін көктемге дейін тоқтата тұруға мәжбүр.

Астанада мыңдаған өзбек кәсіпкері табиғи газдан ажыратылған.

Өзбекстан жылына Қытайға шамамен 10 млрд текшеметр газ сатады. Одан кейінгі орында Ресей тұр. Алайда, коронавирус пандемиясы кезінде, Қытайға газ экспорты үш есе азайды, ал Ресейге газ жеткізу тоқтады.

Өзбекстан 15 жылдан бері қыс кезінде газ тапшылығын көріп келеді. Шалғайдағы ауылдар қысты табиғи газсыз өткізеді.

XS
SM
MD
LG