Ссылки доступа

Тәжікстанда азық-түлік қымбаттап, тұрғындар кедейлене түсті


Торговые ряды на рынке в Душанбе.
Торговые ряды на рынке в Душанбе.

Тәжікстанда азық-түлік қымбаттаған сайын елде кедейлер көбейе түсті. Көптеген отбасы азық-түліктің ең қажетті түрлерімен ғана күнелтіп отыр. Мәліметтерге қарағанда, халықтың үштен бірі тойып тамақ ішпейді.

Коронавирус пандемиясы әлемнің көптеген елінде азық-түліктің қымбаттауына себеп болды. Импорт пен экспорт жүйесінің бұзылуы, шекаралардың жабылуы, көлік қозғалысының шектелуі бағаның көтерілуін туғызды. Бұдан әсіресе Тәжікстан қатты зардап шекті.

Күнкөрісі нашар отбасыларды инфляция одан сайын тұралатып тастады. Тұрғындар адам денсаулығына өте маңызды азық-түлік түрлерінен бас тартуға мәжбүр.

Дүниежүзі азық-түлік бағдарламасының мәліметі бойынша, Тәжікстанда тұрғындардың 47 пайызы күніне 1.33 долларға күнелтеді. Тұрғындардың 30 пайызы тойып тамақ ішпейді.

Тәжікстан еңбек министрлігінің мәліметі бойынша, биыл шетелге табыс табуға барған еңбек мигранттары өткен жылмен салыстырғанда 57 пайызға азайған.

Биыл сәуір айында тәжік үкіметі шаруаларды көкөніс пен астық өсіруге кеңес берген. Дегенмен Тәжікстанда егістіктің 97 пайызы құнарсызданғаны мәлім болып отыр.

Душанбе ауыл шаруашылығы тауарларының кейбір түрін экспорттауға тыйым салды. Қазан айында Душанбе базарларында өсімдік майы мен қант 30 пайызға қымбаттаған.

XS
SM
MD
LG