Ссылки доступа

Өзбекстанда қытай вакцинасының сынағына 5 мың адам қатысады


Өзбекстан қытай вакцинасы сынағының үшінші кезеңіне 5 мың өзбекстандықты қатыстырады.

Инновациялық даму министрлігінің өкілі Феруза Хожаеваның айтуынша, Қытай ғылым академиясы Микробиология институты мен Министрлік арасында вакцинаны Өзбекстанда сынау туралы келісім жасалды.

6 қарашада вакцинаны әзірлеуге қатысқан қытай мамандары Өзбекстанға келіп, ресми сынақ өткізуге қатысады.

Вакцина сынағына 18 жасқа толған азаматтар қатыса алады. Оларға ақша төлеуі мүмкін.

Сынақтың барлық кезеңі сәтті өткен жағдайда, Өзбекстан қытай вакцинасын арзан бағамен алатын елдердің қатарына қосылады.

XS
SM
MD
LG