Ссылки доступа

Грузияда оппозиция парламент мандаттарынан бас тартты


Грузияда «Біріккен ұлттық қозғалыс» бастаған оппозициялық блок депутат мандаттарынан бас тартты.

Бұл туралы блок жетекшілерінің бірі Ника Мелия мәлімдеді, деп хабарлады «Эхо Кавказа». «Біз еркін ортада жаңа сайлау өткенін талап етеміз. Біз бұған жақында жетеміз», - деп мәлімдеді Мелия.

Бұның алдында «Еуропалық Грузия», «Грузия үшін мүмкіндік», «Гирчи» сынды оппозициялық күштер де парламентке бойкот жариялайтынын мәлімдеген.

Тбилисиде 31 қазанда өткен парламент сайлауынан соң наразылық акциялары басталды. Ресми мәліметте билік басындағы «Грузия арманы» партиясы айқын басымдықпен жеңіске жетті делінеді. 48 пайыз дауын жинаған бұл партия үкіметті өзі жасақтай алады. Оппозициялық блок 27 пайыз дауыс жинағаны хабарланды. Бірақ оппозиция сайлаудың ресми нәтижесіне келіспей, жаңа сайлау өткізуді талап етіп отыр.

XS
SM
MD
LG