Ссылки доступа

Өзбекстанда құйма алтын еркін сатыла бастады


Өзбекстанның Орталық банкі 2 қарашадан бастап коммерциялық банктер арқылы құйма алтынды сатылымға шығара бастады. Бұл халыққа қаржысын инвестициялау және жинау үшін берілген мүмкіндік делінеді елдің Орталық банкі таратқан мәліметте.

Ресми мәліметке сүйенсек, құйма алтын 999,9 сынамасында 5, 10, 20 және 50 грамм мөлшерінде елдің барлық өңірінде сатылымға шығарыла бастайды.

Құйма алтынның құны әлемдік нарықтағы алтын бағасына сәйкес болады. Оның бағасы ұлттық валютамен Орталық банктің ресми сайтында күнделікті жарияланып тұрады.

Құймалар Италияның Certiline Srl компаниясы жасап шығарған арнайы қорғаныс каптамасымен сатылады.

Сатып алынған құйма алтынды елден шығаруға рұқсат берілген. Бұл туралы жарлыққа ел президенті Шавкат Мирзияев қыркүйек айында қол қойған.

XS
SM
MD
LG