Ссылки доступа

Жапаров: Қырғыз Конституциясы жобасында депутаттарды сайлау аралас жүйемен өтетіні жазылған


Қырғызстанның жаңа Конституциясының жобасында парламент депутаттарын сайлау аралас жүйемен өтетіні жазылған. Осылай деп Ош тұрғындарымен кездесу кезінде президент міндетін атқарушы премьер-министр Садыр Жапаров мәлімдеді.

Оның сөзінше, Конституцияға енгізілген түзетулерге сәйкес, Жогорку Кеңеш депутаттарының жартысы бір мандатты округтер арқылы, жартысы партиялық жүйе арқылы сайланады.

"Партиялық жүйе мемлекетті толық құрдымға кетірді. Біз сайлауды толық бір мандатты жүйе бойынша өткізуді ұсындық. Бірақ қарсыластар табылды", - деді Жапаров. Оның айтуынша, енді 10-15 күн ішінде жоба Констициялық кеңесте талқыланады.

Жогорку кеңештің 7-шақырылымдағы депутаттарын сайлау 4 қазанда өткен. Бірақ оның нәтижесіне наразы болған халық 5 қазанда көшеге шығып, сайлау нәтижесін жоюды талап етті. Наразылық акциясының соңы демонстранттар мен полиция қақтығысына ұласты. 6 қазанға қараған түні демонстранттар Жогорку кеңеш ғимаратын басып алды. 6 қазанда орталық сайлау комиссиясы сайлау нәтижесін жойып, парламент сайлауын 20 желтоқсанға белгілеген.

Алайда 22 қазанда Жогорку кеңеш парламент сайлауы өтпей тұрып конституциялық реформа жүргізуге мүмкіндік беретін заң қабылдады.

XS
SM
MD
LG