Ссылки доступа

Ресейден Тәжікстанға чартерлік рейстер қайта ұшатын болды


Қараша айында күніне бес чартерлік рейс Ресейден Тәжікстанға ұшырылады. Осылай деп Ресейдегі Тәжікстан елшісі Имомуддин Саттори мәлімдеді.

1 қарашада Росавиация "Сомон Эйр" әуе компаниясына Мәскеуден Душанбеге ұшуға рұқсат бермегеннен кейін, 200 мигрант Мәскеудің Домодедово әуежайында бөгеліп қалды.

"Қараша айында күнделікті 5 чартерлік рейс Тәжікстанға ұшатын болады. Екі рейс Мәскеуден ұшады. Еліне оралуды қалайтын жолаушылар саны азайғаннан кейін рейс саны да азаяды", - деді Ресейдегі тәжік елшісі.

Коронавирус пандемиясына байланысты наурыз айынан бастап халықаралық әуе қатынастары тоқтаған болатын. Енді Тәжікстан мен Ресей арасында тұрақты әуе байланысы қашан қалпына келетіні әзірге белгісіз. Қазір Ресейде вирустың жаңа толқыны күш алып жатыр.

Ресей бірқатар елдерге әуе байланысын 1 тамыздан бастап қалпына келтірген. Бірақ арасында Тәжікстан жоқ.

XS
SM
MD
LG