Ссылки доступа

Өзбекстанда 62 жастағы мақта теруші арнадағы суға батып кетті


Жизақ облысы Бахмал ауданының 62 жастағы тұрғыны Райымберді Каршиев Мырзашөл ауданында мақта теріп жүрген кезде абайсызда арнаға құлап, суға батып кетті.

Марқұмның бауырының айтуынша, оның ағасын мақта теруге махалла хатшысы «алдап әкеткен». «Новка» махалласының хатшысы 62 жастағы кісінің қалай мақта теретінін ойламаған, туыстарынан сұрамаған. Оларға адам саны ғана керек. 23 қазанда ағам суға батып кетті. Оның арнаға қалай құлағанын ешкім білмейді. Шалды мақта теруге әкеткендер жауапқа тартылсын», - деді марқұмның інісі Гулом Каршиев.

Оның айтуынша, ауылда зейнет жасындағы тағы екі адамды махалла басшылары мақта теруге әкеткен.

«Новка» махалласының хатшысы Жахонгир Болтаевтың мәлімдеуінше, Райымберді Каршиев «мақта теруге өз еркімен барған». «Біз оны мәжбүрлемедік. Ол жұмыссыз жүргенін, ақша тапқысы келгенін айтты. Ол арақ ішіп, мас күйінде арнаға құлап кеткен», - деді хатшы.

Еңбек министрлігінің мәліметі бойынша, Өзбекстанның үш өңірінен 77 мың жұмыссыз мақта теруге шығады.

XS
SM
MD
LG