Ссылки доступа

Өзбекстанда Мұхаммед Әл-Хорезми атындағы халықаралық сыйлық тағайындалды


Өзбекстан үкіметі Мұхаммед Әл-Хорезми атындағы халықаралық сыйлық көлемін 50 мың доллар деп бекітті. Бұл туралы республиканың әділет министрлігі хабарлады.

Мұхаммед Әл-Хорезми сыйлығы математика саласындағы ғылыми зерттеулер арқылы нақты мәселелерді шешуді ұсынған ғалымдарға, соның ішінде шетел азаматтарына және азаматтығы жоқтарға беріледі.

Сыйлықты ел президенті екі жылда бір мәрте тапсырады. Үміткерлерді Ғылым және технология жөніндегі республикалық кеңес ұсынады.

Мұхаммед Әл-Хорезми атындағы халықаралық сыйлық тағайындау туралы жарлыққа мемлекет басшысы биыл 7 мамырда қол қойған.

XS
SM
MD
LG