Ссылки доступа

Тәжікстанда доллар көтерілді


Тәжікстанда доллардың ресми бағамы 11,3сомони болды. Доллар шамамен 10 пайызға қымбаттады.

Тәжікстан Ұлттық банкі доллардың ресми бағамын 10,3 сомониден (1 доллар) 11,3 сомониге өзгертті.

Банк мәліметіне қарағанда, биыл қаңтар-қазан айларында ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 6,7 пайызға төмендеген. Ұлттық банк бұны америкалық валютаға сұраныстың артуымен, сыртқы сауда айналымының теріс балансымен, ақша аударымдары мен шетел инвестицияларының республикаға келуінің азаюуымен түсіндірді.

Соның салдарынан ресми және ресми емес бағам айырмасы 9,3 пайызға жеткен. Тәжікстанда банктерде ғана валюта айырбастауға болады. Доллармен банктен тыс операция жүргізгендер жазаланады.

XS
SM
MD
LG