Ссылки доступа

Талант Мамытов - Қырғызстан парламентінің спикері


Үш апта бұрын ғана спикер болып сайланған Қанатбек Исаев қызметтен кетті. Оның орнына Талант Мамытовты ұсынды. Жүз депутат соған дауыс берсе, біреуі ғана қарсы шықты.

Экс-спикер Исев қызметтен кету себебін 2021 жылы 10 қаңтарда өтетін президент сайлауына түсу жоспарымен түсіндірді. «Республика – Ата Жұрт» фракциясы спикер қызметіне Мамытовты ұсынды. Қалған бес фракция ешкімді ұсынған жоқ.

«Бүгін мен қуанып тұрған жоқпын. Біреулер бұны қызмет әрі ықпал деп қабылдаса, мен үшін үлкен жауапкершілік», - деді Мамытов. «Халық талабынан сай» заңдар қабылдау – парламенттің басты міндеттерінің бірі деп есептейді жаңа спикер.

Президент қызметін қоса атқарып жүрген премьер-министрі Садыр Жапаров президент сайлауына түсетінін, сол себепті желтоқсанның басында құзыреттерін тапсыратынын мәлімдеген. Сол кезде мемлекет басшысы міндетін жаңа президент сайланғанға дейін парламент спикері, яғни Мамытов атқарады.

44 жастағы депутат Талант Мамытов Қырғыз ұлттық университетінің заң факультетін тәмамдаған. 2000-2010 жылдары бірнеше облыс пен қалада прокурор болып істеген. 2010 жылы ол «Ата Жұрт» партиясы тізімімен Жогору Кенешке өтті.

XS
SM
MD
LG