Ссылки доступа

Өзбекстан билігі Антикоррупция аптасын ұйымдастырмақ


Өзбекстанның Коррупцияға қарсы ұлттық кеңесі қараша-желтоқсан айларында Жемқорлықпен күрес жөніндегі агенттікпен және халықаралық ұйымдармен бірлесіп Антикоррупция аптасын ұйымдастырмақ.

Бұл 9 желтоқсан - Халықаралық коррупциямен күрес күні қарсаңында өтпек.

"Халықаралық және жергілікті сарапшылардың қатысуымен арнайы конференциялар ұйымдастырылып, қазіргі кезек күттірмейтін мәселелер мен тенденциялар талқыланады", - делінген хабарламада.

Шара аясында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арнап ашық есік күні ұйымдастырылмақ.

Өзбекстан көптеген жылдар бойы халықаралық ұйымдардың есебінде әлемдегі жемқорлыққа батқан елдер қатарында болып келді. Мәселен 2019 жылы Transparency International ұйымының индексіне сәйкес, Өзбекстан 180 елдің ішінде 153-орында тұрды.

XS
SM
MD
LG