Ссылки доступа

Тәжікстан тұрғындары девальвация тұсында баға қымбаттайды деп қауіптенеді


Тәжікстанда ұлттық валюта бағамы бір доллар үшін 11,30 сомониға бір-ақ көтерілді. Бір күн бұрын бір доллар 10,34 сомониға сатылған.

Тәжікстанның Ұлттық банкі сомони бағамының түсуін әлемдік экономиканың тұрақсызданып тұруымен байланыстырады.

Таяуда ғана жергілікті кәсіпкерлер "қара базарда" доллар құны өсіп кеткенін, коммерциялық банктерде доллар тапшы екенін айтып шағымданған.

Жергілікті тұрғындар азық-түлік бағасы да қымбаттайды деп қауіптенеді. "Доллар өскен сайын азық-түлік бағасы да күрт өседі. Кәсіпкерлер тауарды шетелден әкелеміз, сол үшін баға қымбат болады деп уәж айтады", - дейді Вахдат қаласының тұрғыны Хафизулло Расулов.

Тәжікстанға шетел валютасы негізінен еңбек мигранттарынан мақта және алюминий сатудан түседі. Бірақ қазір пандемия тұсында мақта және алюминий өндіру азайды. Мигранттар да ақша аударуды азайтты.

XS
SM
MD
LG