Ссылки доступа

АҚШ сайлаудан кейін қырғыз азаматтарына иммиграциялық виза беруді қайта қарайды


АҚШ сайлау өткеннен кейін Қырғызстан азаматтарына иммиграциялық виза беруді қайта қарайды деп мәлімдеді Қырғызстандағы АҚШ елшісі Дональд Лу.

Оның айтуынша, бұл мәселе АҚШ-тағы президент сайлауында кімнің жеңіске жететініне байланысты емес.

"Қырғызстан азаматтарына иммиграциялық виза беруді тоқтату төлқұжаттың қауіпсіздігіне байланысты болды. Қырғызстан бұл мәселені шешіп жатыр", - деді ол.

31 қаңтарда Ақ үй Қырғызстан азаматтарына иммиграциялық виза беруді тоқтатқан. Бірақ студенттер, туристер және кәсіпкерлерге виза беруді тоқтатқан емес.

XS
SM
MD
LG