Ссылки доступа

Түркия әлеуметтік желілерге миллиондаған айыппұл салды


Түркия билігі Facebook, Instagram, Twitter, YouTube және басқа да платформаларға жергілікті өкілдерінің аты-жөнін айтпағаны үшін 10 миллион лир (миллион еуроға жуық) айыппұл салды.

Биыл жазда түрік парламенті әлеуметтік желілерді бақылауды күшейту жөнінде заң қабылдаған. Құжатқа сәйкес, егер Түркияда желіні қолданушылар саны күніне бір миллионнан асса, онда осы өңірде филиал ашу керек және онда жұмыс істейтіндер түрік азаматтары болуы тиіс.

Талап орындалмаған жағдайда айыппұл төленеді және интернет жылдамдығы 90 процентке түседі.

Facebook компаниясы Анкара шешімін орындамайды деп мәлімдеген.

Құқық қорғаушылар Түркия билігінің шешімін сынға алған.

XS
SM
MD
LG