Ссылки доступа

Он жылда шамамен 1 млрд доллар несие Қырғызстаннан заңсыз шығарылған


Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің жемқорлыққа қарсы қызметі анықтағандай, 1993-2002 жылдар аралығында мемлекеттік органдардың шенеуніктері шетел банктерінің өкілдерімен келісіп, тиімді несиелерді шетелге шығаруға қатысты жемқорлық схемасын жүзеге асырған.

Комитеттің 5 қарашада хабарлауынша, экономиканы дамыту деген желеумен кәсіпорындар шетел банктерінен несие туырлаған. Қырғыз үкіметі оған кепілдік берген. Осы уақыт аралығында шамамен 1 млрд доллардың қырықтан астам несиесі берілген.

«Халықаралық банктерге мемлекеттің алтын қоры кепіл болған. Алынған несие республикаға түспеген, шетелдің басқа да банктеріндегі несиеге аударылған. Ал несие алған кәсіпорындар банкрот деп танылып, жабылған. Шетел банктері кепілдегі алтынды алып отырған. Кейбір несиені мемлекет әлі күнге төлеп келеді», делінген комитет хабарламасында.

Осындай несие алған кәсіпорындар арасында «Қара-Балта таукен комбинаты», «Казкоммерцбанк», «Жылдыз», «Кыргызпотребсоюз», «Жанар», «Ала-Тоо» және басқа да компаниялар бар.

Тергеу жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG