Ссылки доступа

Тәжікстан ІІМ Хорогта атылған оққа қатысты мәлімет таратты


Хорог

Таулы Бадахшан автономиялы облысының әкімшілік орталығы – Хорог қаласында 4 қарашада кешке оқ атылды. Жараланғандар туралы мәлімет жоқ.

Тәжікстан ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, бір топ жас милиция қызметкерлерінің жұмысына кедергі келтірген, сол себепті олар әуеге оқ атуға мәжбүр болған. Дегенмен жергілікті тұрғындар милицияның қару қолдануына себеп болмады деп отыр.

«Оқиға 4 қарашада сағат 21 шамасында Хороги Боло махалласында тіркелді. «Тойота» автокөлігінің иесі Сино Зикилобеков милиция қызметкерінің талабына бағындай, Хорог қаласына қарай қашып кетті», - делінген министрлік хабарламасында.

ІІМ мәліметіне қарағанда, Хорогу Боло махалласының 15 тұрғыны билік өкілдеріне қарсылық көрсеткен. Милиция қызметкерлері оларды тәртіпке шақыру үшін әуеге оқ атуға мәжбүр болған.

Оқ атылғаны туралы мәліметті Хорог тұрғындары әлеуметтік желілерде хабарлады. Олар милиция себепсізден оқ атты деп жазды.

Милиция мен жергілікті тұрғындар арасында нақты не болғаны әзірге белгісіз. Тәжікстан ішкі істер министрлігі түнгі оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

XS
SM
MD
LG