Ссылки доступа

Қырғызстан сыртқы істер министрі Ташкентке барады


Қырғызстан сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев бастаған делегация 5-6 қарашада Өзбекстанда болады. Бұл туралы Өзбекстан СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

«Келіссөздер барысында саясат, сауда-экономика, көлік-коммуникация, мәдениет және басқа да салаларда екі жақты қарым-қатынасты дамыту мәселелері талқыланады», - делінген министрлік хабарламасында.

Қырғызстанның ресми өкілдері өткен айда үкіметі ауысқалы бері алғаш рет Өзбекстанға ресми сапармен шығып отыр.

4 қазандағы парламент сайлауынан соң Қырғызстан саяси дағдарысқа тап болды. 15 қазанда қырғыз президенті Сооронбай Жээнбеков қызметтен кетті.

Қырғызстан сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев Ташкентке 5 қарашада келеді. Бұның алдында ол Қазақстан мен Ресейде болды.

XS
SM
MD
LG