Ссылки доступа

Қырғызстан электр энергияны Қазақстаннан сатып алатын болады


Қырғызстанның вице-премьер-министрі Равшанбек Сабиров 2020 жылы Қазақстаннан 500 млн киловатт-сағат электр энергиясын сатып алатынын жеткізді.

Ол мұны 5 қарашада өткен Жогорку Кеңештің отырысында айтты.

"Қазір өзіміздің Тоқтағұл су қоймасында 14,7 млрд текшеметр су бар. Бұл былтырғы жылға қарағанда 2 млрд текшеметрге аз. Үкімет тапсырмасына сәйкес, Қазақстанмен 300 млн кВт/сағат электр энергиясын алмасамыз. Бұдан бөлек Қазақстаннан жылдың соңына дейін киловатт-сағаты 2,4 центке 500 млн кВт/сағат электр энергиясын сатып аламыз", - деді Равшанбек Сабиров.

Осыған дейін "Электр станциялары" кәсіпорны Тоқтағұл су қоймасында биыл су аз деп мәлімдеп келген. Жалпы бұл су қоймасы 19 млрд 500 млн текшеметр суды сақтауға арналған.

XS
SM
MD
LG