The National Herald газетіне полиция дереккөзінің хабарлауынша, төрт баланың әкесі, тәжік азаматы 2017 жылы Грекияға заңсыз кірген. Ол өзін тәжік оппозиционерінің туысымын, елден қашуға мәжбүр болдым деп таныстырған. Кейін оған уақытша босқын мәртебесі берілгеннен кейін, ол Триполис қаласында белгісіз үкіметтік емес ұйым қаржыландырған пәтерде тұрған.
Грекия полициясы күдікті туралы қосымша мәлімет алу үшін Тәжікстан билігімен байланысқан. Тәжікстанның оппозициялық күші әзірге бұл оқиға туралы түсініктеме бермеді.